Алматыда аутизмнің өзекті мәселелері туралы дүниежүзілік ақпарат тарату күніне арналған «Аутизмді жеңу мүмкін!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
ap-admin 2022-04-04T14:45:47+06:002022 жылы 2- сәуірде «Аутизмді жеңу мүмкін!» Орталығының тәрбиеленушілері аутизмнің өзекті мәселелері туралы ақпарат тарату күніне арналған концертте өнер көрсетті және өздерінің аутизмді жеңу мақсатындағы құлшынысы мен ықыластарының еңбек нәтижелерімен барлығын таңғалдырды. Біздің балаларымыз әдеттегі қарапайым балалар үшін үйреншікті болып табылатын дағдыларды игеруге тырысып, көп күш-жігер жұмсады. Себебі бастапқыда олар тіпті сөйлемеді, тыңдамады, ешкіммен араласпады.