Алматыда аутизмнің өзекті мәселелері туралы дүниежүзілік ақпарат тарату күніне арналған «Аутизмді жеңу мүмкін!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Вы здесь:://Алматыда аутизмнің өзекті мәселелері туралы дүниежүзілік ақпарат тарату күніне арналған «Аутизмді жеңу мүмкін!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Алматыда аутизмнің өзекті мәселелері туралы дүниежүзілік ақпарат тарату күніне арналған «Аутизмді жеңу мүмкін!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

2022 жылы 2- сәуірде «Аутизмді жеңу мүмкін!» Орталығының тәрбиеленушілері аутизмнің өзекті мәселелері туралы ақпарат тарату күніне арналған концертте өнер көрсетті және өздерінің аутизмді жеңу мақсатындағы құлшынысы мен ықыластарының еңбек нәтижелерімен барлығын таңғалдырды.

Біздің балаларымыз әдеттегі қарапайым балалар үшін үйреншікті болып табылатын дағдыларды игеруге тырысып, көп күш-жігер жұмсады. Себебі бастапқыда олар тіпті сөйлемеді, тыңдамады, ешкіммен араласпады. Ал бүгін олар көптеген халықтың алдында өнер көрсетті! Тамаша өнер көрсетті! Балалар қазақша орысша, ағылшынша әндер айтып, өлеңдер оқыды, фортепиано және африкалық барабанда шебер ойнады, би биледі! Кішкентай достарына қолдау көрсету мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар  оркестрінің  танымал музыканттары да келді,  сонымен қатар «GENIUS» атты балалар орталығының тәрбиеленушілері концертті бимен жандандыра түсті.

ҚР-ның бала құқығы жөніндегі уәкілі, «Милосердие» Ерікті қайырымдылық қоғамдастығының (ҚФ «ДОМ») директоры Аружан Саин «Аутизмді жеңу мүмкін!» атты жобаға сенім білдіретін, әрі осы жобаға қолдау көрсететін барлық жанға алғысын білдірді. «Өкінішке орай, аутизмді дер кезінде анықтау, ертерек көмек көрсету, алдын алу шараларын өткізу және сауықтыру- емдік шараларын өту Қазақстандағы әрбір балаға қолжетімді емес. Балалар жөніндегі уәкілетті аппарат және көптеген сарапшылардың ұйымдасқан қоры ретінде біздің жұмысымыз бүгінгі таңда балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатына жұмсалған және біз балалар арасында мүгедектіктің орын алуының алдын алу үшін қолымыздан келген барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бүгін бізбен бірге осы іс-шараларға демеу болып, белсенді қатысып жүрген барлық адамдарға алғыс айтамын және бұл жобаның нәтижелері баға жетпес, құнды болып табылады!»

Мерекелік іс-шара қонақтары ретінде БҰҰ-ның жаһандық қарым-қатынас орнату Департаментінің Өкілі Властимил Самек, «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс орнату және өзгерістерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Гибрат Ауганов және аталған жобаның негізгі серіктесі ӘЖДҚ (Әлеуметтік Жобаларды Дамыту Қоры) «Samruk-Kazyna Trust» қорының директоры Альфия Адиева, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асем Нусупова қатысты. Сонымен қатар, біздің балаларға қолдау білдіру мақсатында осы жобаның көптеген достары келді, олар профессор Вячеслав Локшин, Исаева Раушан, Асия Ахтанова, Марат Айтмагамбетов, Константин Авершин, Адель Смит, Саида Таукелева және тағы басқа де көптеген достарымыз іс-шараға келіп, өз тараптарынан қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз.

Қонақтар «Аутизмді жеңу мүмкін!» жобасының жоғары маңыздылығын ерекше атап өтті және бүгінгі күннің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отырған балаларға үлкен жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тіледі. Мерекелік іс-шара керемет өтті, ата-аналар өз балалары үшін қуаныш пен мақтаныштың көз жасын жасыра алмады, концерт қонақтары да кішкентай қатысушылардың шығармашылық нөмірлеріне қатысып, қолдау көрсетті.

Бұл мерекелік қойылым аутизмнен сауықтырудың сиқырлы емі, ғажайып дәрі-дәрмегі жоқ болса да, ерекше балалардың ата-аналары мен кәсіби мамандардың бірігіп қажырлы еңбек етуінің нәтижесінде әрбір баланың толыққанды, қызықты өмір сүруіне, қабілеттерін дамытып, армандарының орындалуының шексіз мүмкіндіктері бар екенін дәлелдеді.

«Технодом» компаниясының өкілдері концерттік шараны өткізу үстінде «Аутизмді жеңу мүмкін!» Орталығына білім беру жобасын жүзеге асыру үшін арнайы бес ноутбук (ультрабуктер) сыйлады. Нағыз Буратино балаларға тәтті сусындар ұсынды.

Аталған керемет концерттік іс-шараны ұйымдастыруға бізге демеушілік көрсетті: Нұрсұлтан Назарбаев қоры, ALTSound компаниясы, еріктілер бірлестігі, «Мастер Шар» компаниясы концертті безендіру, әрлендіру мақсатында тегін шарлармен қамтамасыз етті.

Біздің балаларымызды қолдау үшін және бізге іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен барлық ұйымдар мен мекемелерге алғыс білдіреміз!

Мерекелік қойылымды тікелей эфирден көру сілтемесі Аружан Саинның фейсбук парақшасында орналасқан: https://www.facebook.com/aruzhan.sain/videos/437729054772658

Қазіргі таңда аутизм бүкіл адамзат қауымдастығы бетпе-бет кездестірген күрделі мәселе болып табылады және аутист балаларды әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу және емдік шараларын өткізу әрбір мемлекеттің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Аутист баласы бар әрбір ата-ананың ғылымда баласын аутизмнен толық емдеп, сауықтырып шығаратын әдіс ойлап табылса екен деген арманы бар — ол  сиқырлы дәрі-дәрмек болсын немесе ота жасату үрдісі болсын, мейлі….

Алайда ондай әдіс жоқ, сонымен қатар адамзат үшін аутизмнің пайда болуының нақты себептері әлі де толық белгісіз. Аутизмнен зардап шеккен балалар саны артқан сайын, ата-аналар балаларын қайда апарып емдетуді, баласына көмек көрсету үшін қандай әрекет жасау керектігін білмеу сияқты күрделі мәселелермен кездесті.

Қазақстандағы тағы бір маңызды мәселе ол аурудың белгілерін ертерек анықтай алу мүмкіндігінің  болмауы, оларға дер кезінде көмек көрсету және мамандардың жетіспеушілігімен қиындай түседі. Балаларға қандай маман қалай көмектесу керектігі жайлы, олардың қабілеттерінің шыңдалуына, аутизмді жеңуге бағытталған нақты механизм жоқ.

Аутизмді емдеу невропатолог, психолог, логопед және тағы да басқа мамандардың қабылдауын талап етеді. Егер баланың барлық отбасы мүшелері күнделікті өмірде аутизмі бар баламен қалай қарым-қатынас құру керектігі жайлы білім мен дағдыларды меңгерген жағдайда ғана аутизм дертіне шалдыққан бала емдік шаралар нәтижесінде өзінің мүмкіндіктерінің шарықтау шегіне жетеді. Балалар өз отбасы мүшелерімен қарым-қатынас орнатып, өз туыстарымен, жақындарымен күнделікті өмірде белсенділік танытып, күнделікті үй тірлігінің жұмыстарына араласу арқылы өздері сыртқы әлеммен байланыс орнатып, мінез-құлықтарындағы алғашқы қиын мәселелердің шешімін табады және білім алу бағытында және болашақ ересек өмірінде осы қабілеттерін пайдалана алады.

2013 жылы Алматы қаласындағы ерекше балалардың ата-аналарының бастамасы «Samruk-Kazyna Trust» ӘЖДҚ-ның демеушілігімен «Аутизмді жеңу мүмкін!» жобасы ретінде ресми түрде құрылды. «Добровольное общество «Милосердие» ҚҚ-да «Аутизмді жеңу мүмкін!» (күнделікті жүз баладан астам білім алуда) жобасынан бөлек ғаламтор желісі арқылы тәжірибе мен білім алмасу шаралары, аймақтарға шығу арқылы семинарлар ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылады. Орталыққа арналған ғимаратты Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе сыйға тартқанын еске сала кеткіміз келеді.

Орталықтың жұмысы ата-аналар мен балалардың арасындағы күнделікті қарым-қатынас орнату үрдісіне негізделген, себебі орталық мамандарының басым бөлігі- аутизмге шалдыққан  балалардың аналары. Олар көптеген жылдар бұрын өз балаларына ем іздеп, көмектесу мақсатында білім іздеп, тәжірибе алмасып, екінші-үшінші жоғарғы білім алып, қазіргі таңда өзінің және өзге де отбасындағы ерекше балалардың емделуін мақсат етіп, өз өмірлерін осы қайырымды іске арнады.

Біздің ата-аналар, балалар және аутист-жасөспірімдер психология-педагогикалық түзету және әлеуметтендірудің бірнеше бағытында белсенді жұмыс атқарады:

Жас бөбектермен жұмыс істеу — 1-1,5 жастан 3 жасқа дейінгі аралықта балаларға өте тиімді және емделіп шығуына мүмкіндігі жоғары , керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатын кезең.

4-5 жастағы балалармен жұмыс жасау (орта топ) — баланың мінез-құлқында байқалатын күрделі мәселелерді шешіп, мінез-құлқын түзету бағытында жасалатын шараларды жүзеге асырып, баланың  отбасында және қоғамда өзін сабырлы, әрі еркін ұстауға үйрету.

Білім беру бағыты — мінез-құлық дағдыларын тұрақтандырып үлгерген балаларға мектеп бағдарламасын оқыту мен меңгеруге арналған іс-шаралар. Мектеп бағдарламасын үйден оқыту үрдісі қолға алынған, сонымен қатар орталықта мұғалімдер балаларға білім береді.

Тұрмыс-тіршілікке әлеуметтендіру бағыты — балалар күнделікті өмірде, тұрмыста өз-өзіне қызмет көрсетіп үйренеді, отбасылық шаруаларға араласып, ата-аналарына үй жинап, тамақ пісіріп және өзінен кіші бауырларына қамқор болып үйренеді.

Шығармашылық және спорт саласында мүмкіндіктерін дамыту бағыты — спорт пен өнер арқылы аутист балалар қарым-қатынас орнатудың маңызды дағдыларын меңгереді, топпен бірге және жеке жұмыс істеп үйренеді. Біздің балаларымыз тек қана жалпы дене жаттығуларын ғана жасап қоймай, футбол ойынын командаларға бөлініп ойнайды, бейнелеу өнері мен қолданбалы өнерді меңгерді, вокалмен айналысады, фортепианода ойнайды және Орталығымызда театр үйірмесі жұмыс атқарады.

Арнайы методикалар — логопедтер сенсорлы сыныпта «Монтессори», «Томатис» әдістемелерін басшылыққа алып, балалармен нәтижелі жұмыс жасайды.

Балалардың жетістіктері кәсіби мамандар мен ата-аналардың қажырлы еңбегінің жемісі, нәтижесі болып табылады. Балалардың 100 пайызында даму үрдісінің жылдам өтуі байқалады және сөйлеу қабілеттері іске қосылады. Орталық қызмет атқарған соңғы 2 жылдың ішінде 9 түлегі (30%) әдеттегі дәстүрлі балабақшаға барды, 30% бөбектерден Жалпы дамуының бұзылуы деген диагноз алынып тасталды. Егер аутизмге шалдыққан балаларды оқытуды ерте жастан бастаса, оларды аутистік мінез-құлықтан толық емдеп, сауықтыруға үлкен мүмкіндік бар.

Аутизм туралы ақпараттарды және оны емдеу туралы әдістемелерді «Аутизмді жеңу мүмкін!» Орталығының кәсіби мамандарының семинарлары мен мастер-класстарының жиынтығын https://autismpobedim.kz сайтынан және https://youtube.com/channel/UC6aC8VdJ7twxlQmUwLiuuxA YouTube- каналынан табуға болады.

2022-04-04T14:45:47+06:00